Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу: Сенат тағы бір заңды мақұлдады

22 Маусым 2023, 11:42
937
Бөлісу:
Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу: Сенат тағы бір заңды мақұлдады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң  сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді мақсат тұтқан.

Сұйытылған газдың бағасына қатысты мәселеде әр өңірдің жағдайын ескеру керек. Тұтынушылардың көбеюіне, мемлекеттің жағдайына, өндіруші компаниялардың сұраныстарына байланысты сұйытылған газдың бағасын өсіру де керек шығар. Бірақ бұл мәселеде ақылдасып, жан-жақты пысықтап, әр өңірдің жағдайын ескеріп әрекет ету қажет. Орталықтан шешім қабылдай салып, өңірлерді туындайтын мәселемен бетпе-бет қалдырып қоюға болмайды. Сондықтан депутаттар осы мәселеге баса мән беріп отыр. Егер баға өсетін болса, ол жұмысты кезең-кезеңімен жүргізу керек. Ең бастысы, тыңғылықты зерттеп, жергілікті жерлердегі әріптестермен кеңесіп, азаматтардың пікірлерін ескеріп, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсете отырып шешім қабылдау керек, – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Алайда заң газ тапшылығына байланысты мәселені шешпейтіні белгілі болды.

Бұл мәселе отынның осы түрін тұтынудың артуы аясында өзекті болып отыр. Тағы бір мәселе жергілікті атқарушы органдарға сұйытылған газ көлемін бөлу жөніндегі функцияларды беруіне байланысты. Бұл шешім, біздің ойымызша, тиімді практикалық іске асыруды ғана емес, ең бастысы - өңірлерге сұйытылған газ жеткізілімдерінің бұзылуына жол бермеуді талап етеді. Бұл қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін бірінші кезектегі маңызды мәселе, - деді Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев.

Өзгелердің жаңалығы