Сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Ұлттық экономика министрі жауап берді

1 Наурыз 2022, 10:17
1546
Бөлісу:
Сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін бе?  Ұлттық экономика министрі жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда  сұйытылған газ бағасын тұрақтандыру бойынша қандай іс-шаралар қабылданып жатыр?

Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді.

Сұйытылған газ бағасы 90 күн төмендетілді. Ол 6 айға тұрақтандырылған. Және осы аралықта өзгеріп кетпейді. Себебі бұйрық бойынша шешім қабылданды. Оған дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Ал алты айдан кейін Энергетика министрі Үкіметке өз ұсыныстарын береді. Одан кейін сұйытылған газ бағасы қайта қарастырылады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар Ә.Қуантыров Ресей мен Украинаның арасындағы саяси шиеленіс ұзаққа созылса Қазақстан экономикасын пессимисттік сценарий күтіп тұрғанынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы