"Бөрте Милка" сүт фермасының басшысы Бөкейхан Әбішев отандық өндірушілердің қандай қиындыққа тап болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көрші елдердегі геосаяси ахуалдың өршуіне байланысты әртүрлі шектеулерге тап болдық. Салдарынан 2022 жылдан бері нарыққа көршілес мемлекеттерден көптеген сүт өнімдері келді. Алайда отандық сүт өнімдеріне деген сұраныс 30-35 пайызға төмендеп кетті. Себебі, Ресей мен Беларусь елінен келетін өнімдердің бағасы арзан болды. Әрине, халық үшін бұл тиімді. Сондықтан алда тұрған мәселе - бәсеке сай болу, – деді Әбішев.
Ол Президент тапсырмасы бойынша елімізде 65 сүт фермасы салынып жатқанын атап өтті. Соның бірі Түркістан облысында орналасқан.
Жылдың басында 2,5 пайызбен 10 жылға жеңілдетілген несие алдық. Соның арқасында 400 сауынды бас сиыр сатып алдық. Осы уақытқа дейін 400 бастан 12 млн тонна сүт алып тұрған едік, қазір сауынды сиыр басын 800-ге жеткізіп, 25 тонна сүт алып жатырмыз. Осындай өзгерістердің арқасында сүт өніміміздің бағасын 30 пайызға түсірдік. Соңғы екі айда бәсекеге қабілетті фермаға айналдық, – деді кәсіпорын басшысы.
Сондай-ақ Бөкейхан Әбішев ферманың алдағы жоспары туралы айтты.
Келесі жылы тағы да 200-300 бас сауын сиырға қора салып, сүт көлемін 30-35 тоннаға көтерсембе деген жоспарым бар. 2026 жылға қарай мал басын 3-4 мың басқа жеткізгім келеді. Осы мақсатқа жетсек, сүт фермасын ашамын деген адамға тиімді болмақ. Өйткені кәсіпкерлер шетел асып ірі-қара іздемейді. Өзіміздің күн райына бейімделген оңтүстік өңірдің жергілікті сиырын сатыр алады. Олардың бәрі шетелдің гольштейн тұқымы болады. Егер күтіп баптасақ, 60-70 литрдей сүт береді. Яғни ішкі нарыққа құнажын сату ойда бар, – деді "Бөрте Милка" сүт фермасының басшысы.