Танымал диктор Евгений Суслов қайтыс болды

2 Ақпан 2019, 12:58
2864
Бөлісу:
Танымал диктор Евгений Суслов қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ. «Время» бағдарламасының дикторы Евгений Суслов қайтыс болды.

КСРО Орталық телевидениенің дикторы әрі тележүргізушісі Евгений Суслов 1 ақпан, жұма күні қайтыс болды. Бұл жайында оның әріптесі Алла Данько Facebook-те хабарлады.

Оның айтуынша, Суслов соңғы жылдары қатты ауырған. Ол 81 жаста еді. Тележүргізушінің неден көз жұмғаны белгісіз.

  Атап өтсек, Евгений Суслов 1962 жылы Орталық телеарнаның дикторлар бөліміне конкурстық іріктеуден өткен. Ол «Время», «Голубой огонек» бағдарламалары мен Қызыл алаңдағы парадтарды жүргізген. Суслов 30 жылдан астам уақыт бойы телеарнада қызмет еткен. 1984 жылы оған РСФСР еңбек сіңірген әртісі атағы берілген.
Өзгелердің жаңалығы