Суретші Бектас Кәрім ІІІ Халықаралық «Әлем халқының сүйек кесу өнері» фестивалінде жеңімпаз атанды

30 Қазан 2021, 13:57
2491
Бөлісу:
Суретші Бектас Кәрім ІІІ Халықаралық «Әлем халқының сүйек кесу өнері» фестивалінде жеңімпаз атанды

Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысы Шортанды ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Ойын-сауық орталығы» КММ суретшісі, Бектас Кәрім Магаданда өткен ІІІ Халықаралық «Әлем халқының сүйек кесу өнері» фестиваліне қатысып, «Өнердегі руханият» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Фестивальге әлемнің 12 елінен, атап өтсек АҚШ, Канада, Норвегия, Қытай, Швеция, Қазақстан, Финляндия, Беларусь, Украина, Луганская; Ресейдің 20 қаласынан: Арханьглск, Брянская, Магадан, Московская, Свердловск, Томбовская, Тульская, Тюменьская облыстары, Камчатская, Краснодар, Пермский, Приморский, Хабаровский, Бурятия, Калмыкия, Саха-Якутия, Чукотский, Санкт-Петербург, Моква қаласынан шеберлер қатысты.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам шеберлерден оза шауып, І дәрежелі дипломмен марапатталу — үлкен дәреже. Бұл Шортанды үшін ғана емес, Қазақстан Республикасының мақтанышы.

Бектас Кәрім бұған дейін АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия елдерінде де көрмелерге картиналарымен қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ал сүйектен жасалған өнер туындысымен Халықаралық деңгейдегі көрмеге бірінші рет қатысып отыр.

Өзгелердің жаңалығы