Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқу жылының соңында елімізде қандай мамандар тапшы деген сұрақтың өзектілігі артады.
Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінен 2022 жылы қандай мамандықтардың сұранысқа ие екенін және олардың жалақы мөлшерін сұрап білдік.
Олардың дерегінше, құрылыс саласында инженер-сметашы, учаске электригі, прораб, шебер, құрылыс нысанындағы қара жұмысшы, тас қалаушы, арматура орнатушы, бетоншы, дәнекерлеуші және инженерлер қажет екен.
Құрылыс саласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Инженер-сметашы
100 000-350 000 теңге
Учаске электригі
175 000-380 000 теңге
Прораб
250 000-350 000 теңге
Шебер
220 000-350 000 теңге
Құрылыстағы қара жұмысшы
120 000-300 000 теңге
Тас қалаушы
107 000-300 000 теңге
Арматура орнатушы
150 000-450 000 теңге
Бетоншы
150 000- 280 000 теңге
Дәнекерлеуші
180 000-450 000 теңге
Инженер
150 000-350 000 теңге
РТО инженері, инженер-энергетик
200 000-450 000 теңге
Сауда-саттық саласында сұранысқа ие мамандар қатарында сатушы, кассир, сату менеджері, сауда өкілі, ЖҚС операторы, наубайшы, кондитер бар.
Сауда-саттық саласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Сатушы, кассир
80 000-150 000 теңге
Сату менеджері
100 000-400 000 теңге
Сауда өкілі
120 000-350 000 теңге
ЖҚС операторы
100 000-130 000 теңге
Наубайшы, кондитер
100 000-180 000 теңге
Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медициналық қызметкер, медбике сұранысқа ие.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Дәрігер
80 000-400 000 теңге
Медициналық қызметкер
80 000-250 000 теңге
Медбике
120 000-350 000 теңге
Тұру және тамақтану саласында аспаз, администратор, бариста, тазалаушы, даяшы мамандары қажет.
Тұру және тамақтану саласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Аспаз
80 000- 250 000 теңге
Администратор
120 000-220 000 теңге
Бариста
120 000-150 000 теңге
Тазалаушы, даяшы
80 000-150 000 теңге
Тасымалдау мен сақтау саласында әртүрлі санаттағы жүргізуші, инженер-механик, автомеханик мамандар қажет.
Тасымалдау мен сақтаусаласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Әртүрлі санаттағы жүргізуші
120 000-500 000 теңге
Инженер-механик
150 000-300 000 теңге
Автомеханик
100 000-300 000 теңге
Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі атаған соңғы сала – өндіріс саласы. Ондағы сұранысқа ие мамандарға дәнекерлеуші, реттеуші, тігін жабдығының операторы, құрастырушы, монтажшы, қалыптаушы кіреді.
Өндіріс саласындағы мамандар
Жалақы мөлшері
Дәнекерлеуші
150 000-350 000 теңге
Реттеуші
150 000-270 000 теңге
Тігін жабдығының операторы
120 000-220 000 теңге
Құрастырушы
120 000-280 000 теңге
Монтажшы
170 000-250 000 теңге
Қалыптаушы
200 000-250 000 теңге
Аталған бөлім деректерінен бөлек, қызметкерлерді жұмысқа алу сайттарына да талдау жасадық. Оның нәтижелері негізінде Қазақстанда 2022 жылы сұранысқа ие мамандықтарға сату жөніндегі менеджерлер, SMM мамандары сияқты бизнесті құру, қолдау және дамыту мамандары, IT мамандар, бухгалтерлер, көлік жүргізушілері, аспаздар, мұғалімдер, дәрігерлер және жұмысшы мамандықтар жатады.
Қорыта келгенде, елімізде жұмысшы мамандардың экономист, юрист секілді ел ішінде беделді саналатын мамандықтардан гөрі сұранысқа ие екенін айтқымыз келеді. Жалақылары да «беделге ие» қызметтерден кем емес.