Суперкубок үшін матчта «Реал» «Барселонадан» жеңіліп қалды

16 Қаңтар 2023, 09:16
917
Бөлісу:
Суперкубок үшін матчта «Реал» «Барселонадан» жеңіліп қалды
Фото: Reuters

«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші таймда Реалдың ойыны басым болды. Алайда, матчтың 33-минутында Робет Левандовскийдің пасын сәтті қабылдаған Гави командасын алға шығарды. Ал бірінші таймның соңында Роберт Левандовски есепті еселеп кетті.

Екінші таймда Барселона допты толықтай бақылауға алды. 69-минутта Педри тағы бір гол соғып, барселоналықтарға ірі есеп сыйлады. Мадридттіктер Кәрім Бенземаның қосымша уақытта соққан голының арқасында есеп айырмасын қысқартты.

Каталониялық клуб Испания Суперкубогын 14-рет жеңіп, рекордтық көрсеткіш тіркеді. 

Өзгелердің жаңалығы