"Super Қыз. Шабыт берер хикаялар" кітабы жарық көрді

16 Шілде 2020, 02:27
2712
Бөлісу:
"Super Қыз. Шабыт берер хикаялар" кітабы жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл кітапта Қазақстанның рухы мықты жəне талантты қыз-келіншектері туралы баяндалады. Мұнда əр түрлі салада үлкен жетістікке жеткен айтулы қыз-келіншектердің өмірінен 50 хикаят жинақталған.

Кітаптың мақсаты – қызғалдақтай желкілдеп өсіп келе жатқан қыздарымызды өзін-өзі дамытуға, терең білім алуға, алдына биік мақсат қойып, соларға жеткенше тынбай еңбек етуге тəрбиелеу, шабыттандыру.

Бұл хикаяттарға қиындықтарға мойымау, ой еркіндігі, өз бетінше шешім қабылдау, дербес əрекет ету, мақсаткерлік, рух пен ерік-жігер күшін шыңдау, білім-ғылымға ұмтылу, адамдарды сүю, өзіне сену сияқты құндылықтар алтын арқау болады.

Кітап күміс қасықтай қыздарымызға таптырмас тамаша сыйлық бола алады. Сүйікті де сүйкімді кестетігеріңізге осы кітапты сыйласаңыз, сіз де оның болашағына үлкен сеніммен қарайтыныңызды білдірген болар едіңіз. Кітапта келтірілген таңғажайып оқиғалар, қаһармандарымыздың шынайы өмірінен алынған нақты мысалдар қыздарыңызға ерекше шабыт сыйлап, дұрыс бағыт-бағдар берері сөзсіз.

Кітап есімі елеусіз болып жүрген, бірақ сый-құрметке əбден лайық өжет, іскер, табанды, табысты əйелдердің өмірінен сыр шертеді.

Сонымен бірге бүкіл Қазақстанның танымал қыз-келіншектерін жеңіл де қызықты тілмен таныстырады. Бұл қаһармандардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыстың нағыз батырлары – Мəншүк Мəметова, Əлия Молдағұлова, мəдениет саласының майталмандары – Дина Нұрпейісова, Күлəш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Олимпиада чемпиондары – Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, сондай-ақ жас спортшы қыздарымыз – Жансая Əбдімəлік, Элизабет Тұрсынбаева жəне тағы басқа да мақтаныштарымыз бар.
Өзгелердің жаңалығы