ШҚО-да сұңқарларды аулап жүрген браконьерлер ұсталды

27 Тамыз 2019, 11:48
1809
Бөлісу:
ШҚО-да сұңқарларды аулап жүрген браконьерлер ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында сұңқарларды заңсыз аулап жүрген браконьерлер ұсталды. 

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Браконьерлерден жапа шеккен Самат Оспановқа «Айбын» ордені тапсырылды. Ақмола дәрігерлері браконьерлерден жапа шеккен қорықшының жағдайы туралы айтты «2019 жылдың 25 тамызында сағат 09.00 кезінде рейд жұмыстарын жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының қызметкерлері Күршім ауданының Қалжыр ауылы Бүйрек учаскесінде Митсубиси Паджеро маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында Семей қаласында тұратын 1968 жылғы көлік жүргізушісі мен 1965 жылғы тағы бір азаматтың сұңқарларды заңсыз аулап жүргені анықталды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Тексеру барысында автокөліктен жабайы құстарды аулайтын тор, 7 көгершін мен Хатсан 125 маркалы қара түсті пневматикалық қару табылған. 

Аталған материал Күршім ауданының полиция бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Өзгелердің жаңалығы