Сұлтанов: Түркі кеңесіне мүше елдердің экономикасы тұрақты өсіп келеді

10 Қыркүйек 2021, 21:21
4071
Бөлісу:
Сұлтанов: Түркі кеңесіне мүше елдердің экономикасы тұрақты өсіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгін Бакуде түркітілдес елдері әріптестерімен кездесу өткізді.

бүгін біз Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің экономика/сауда министрлерінің отырысына жиналып отырмыз. Күн тәртібіндегі бір басты мәселе - дағдарыстан кейінгі тиімді даму жолдарын іздестіру. Түркі кеңесіне мүше елдердің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Қатысушылардың жалпы ішкі өнімі 1,5 трлн АҚШ долларынан асады. Он жыл ішінде ол 214,2% - ке өсті. Ал біздің Түркі кеңесі бойынша әріптестерімізбен сауда-саттық $3,3 млрд-тан $6,9 млрд-қа дейін ұлғайды, тек ағымдағы жылдың 6 айында біз $4 млрд-қа сауда жасадық, оның $2,8 млрд-біздің экспортымыз. Егер қарқын сақталса, жыл соңына дейін $8 млрд тауар айналымына шыға аламыз - деп жазды министр.

Оның сөзіне қарағанда, елдер аса маңызды Шығыс-Батыс трансеуразиялық сауда дәлізінің бойында орналасқан ("Ляньюнгань – Үрімші – Қорғас – "Құрық" порты – Баку – Тбилиси – Карс"бағыты). 

Біз қазір Еуропа мен Оңтүстік Азияның перспективалы нарықтарына (Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан) жеткізу логистикасын жеңілдету үшін оның бойында сауда-өнеркәсіптік хабтар салып жатырмыз. Түрік, әзірбайжан және басқа да шетелдік серіктестерді Еуразияның тауар өткізу жүйесінің осы тірек орталықтарын дамытуда ынтымақтастыққа шақырды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтудың зор әлеуеті кезінде біздің барлық елдерімізге оңтайлы өндірістік және логистикалық тізбектер құруға тамаша мүмкіндік бар - дейді министр.

Ол кездесу қорытындысы бойынша барлық ел ашық экономикалық аймақ ынтымақтастығы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғанын айтты.

Айтпақшы, барлық қатысушылар Түркі елдері кеңесінің инвестициялық қорын құру қажеттілігімен келісті. Біз де, Бішкек те оның болашақ офисін "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркей отырып, біздің аумақтарымызға орналастыруды ұсынамыз. Шешім әлі қабылданған жоқ, пікірталастар жалғасуда. Кеңес алаңында Түркияның сауда министрі Мехмет Мушпен келіссөздер жүргізді. Жыл соңына дейін көрсетілетін қызметтер саудасы туралы келісімге және кедендік рәсімдерді оңайлату туралы шартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы, Каспий дәлізі бойынша ауыстырып тиеу көлемдерін арттыру талқыланды. Жалпы, Әзербайжанға сапар саяси топтар үшін де, бизнес үшін де өте нәтижелі өтті деп есептеймін. Енді барлық уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыратын боламыз - деді Бақыт Сұлтанов.
Өзгелердің жаңалығы