Сұлтанов ДСҰ Бас директорымен кездесті

3 Қыркүйек 2021, 21:23
3984
Бөлісу:
Сұлтанов ДСҰ Бас директорымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға жұмыс сапары өтті. Кездесу барысында алдағы 12-ші Министрлік конференциясының ықтимал субстантивтік қорытындыларын талқылау мақсатында ДСҰ-ның Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және ДСҰ-ға мүше негізгі елдердің Елшілерімен келіссөздер жүргізілді.

Министр Бақыт Сұлтанов Н.Оконджо-Ивеаламен кездесуде ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осы жаһандық іс-шараның бірлескен дайындығына және негізгі басымдықтарына ерекше назар аударды.

ДСҰ жанындағы елшілермен кездесу барысында Министр Б.Сұлтанов МК-12 төрағасы ретінде ДСҰ-ға халықаралық қоғамдастықтың ағымдағы сын-тегеуріндері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуге мүмкіндік беретін алдағы көпжақты сауда саласындағы жаһандық іс-шараның субстантивтік қорытындыларын қамтамасыз ету мақсатында белсенді бірлескен жұмысқа шақырды.

Аталған іс-шараға Австралия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты 30-дан астам елдің елшілері мен өкілдері қатысты.

ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясының күн тәртібіндегі негізгі келіссөздер бағыттары барлық елдер үшін вакциналар мен медициналық тауарларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, балық аулау субсидиялары бойынша келіссөздер және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша келіссөздерде прогреске қол жеткізу мәселелері болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы