Сұлтанов: Бизнес өкілдері шетелдік сауда желілеріне шығуға мүдделі

16 Маусым 2020, 20:57
1715
Бөлісу:
Сұлтанов: Бизнес өкілдері шетелдік сауда желілеріне шығуға мүдделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің құрылуына бір жыл толуына біз сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасымен келдік. Министрлік басшысы Бақыт Сұлтанов осылай деді.

Жуырда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында отандық бизнеспен алғашқы ашық талқылау өтті. Үлкен жұмыс атқарылды. Таяудағы бесжылдыққа арналған сауданы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасадық. Бірнеше ай бизнес өкілдерімен пікіртас жүргізіп, қауымдастықтармен кездесіп, ұзақ мерзімді сауданың даму жолдары талқыланды. Біз жаһандық дағдарыстардың мүмкіншілігін ескердік (коронавирус жұмысымыздың соңында пайда болды, бірақ біз экономикалық апаттарды да есепке алдық). Қорытындысында, құжатқа бизнес бойынша қауымдастық өкілдерінен 30 шақты ұсыныс пен ескерту енгізілді. 3 наурызда үкімет отырысында ҚР сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды - деді министр Бақыт Сұлтанов.

Ол жоғарыда айтыған Мемлекеттік бағдарлама саланы түбегейлі өзрегіске әкетініне сенімді екенін айтты. Бағдарлама төмендегідей 5 бағытты қамтиды:

- техникалық реттеуді жақсарту;
- ішкі сауданы дамыту;
- экономикалық интеграция шеңберіндегі сыртқы сауда;
- тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортын дамыту және ілгерілету;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасыдағы талқылау барысында бизнес-қауымдастық сала үшін маңызды мәселелерді айқындалды. Тауар биржалары тақырыбы да көтерілді (ұсыныстар мен ескертулер жіберілді, олар қазір Сауда және интеграция министірлігінде пысықталуда). ​Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да талқыланды, дәлірек айтқанда - сөрелік кеңістікке кіру шаралары. Әрине, ұлттық тауарөткізгіш (тарату) жүйесі де қызу талқыға салынды: біз бизнес өкілдерінің аузынан көптеген идеялар, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы біз ұсынған көтерме-тарату орталықтары салу форматының қолдауын тағы да естідік. Күн тақырыбы-тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Бизнес-қауымдастық сауда компанияларының құқықтарын қорғалмайтыны туралы қызықты аспектіні көтерді. Біз бұл мәселенің шешу жоларын табуға тырысамыз - деді ол.

Маңызды мәселелердің бірі – экспорт, ол біздің экспорттаушыларды қолдаумен бірге сауда жасау үшін елдер географиясын кеңейтудегі жұмысымыз. 

Бизнес өкілдері шетелдік сауда желілеріне шығуға мүдделі. Тек Ресей ғана емес, Орталық Азияны да көздеп жатыр ("Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын жеделдету мәселесі талқыланды). Кәсіпкерлер "Сауда қызметі туралы" заңдағы бонустарды, кэш-бектердің пайдалануды қамтамасыз ету және "күрделі тауарлар" түсінігін бекіту қажеттілігі туралы айтып, Ресей Федерациясына экспорттаудың кедендік рәсімдерін жеңілдету мәселелерін қарастыруды ұсынды. Жалпы, пікірталас өте қызықты және конструктивті өтті. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасыдан Бағдарлама жобасында еркерілетін жинақталған пікірлер мен ұсыныстар күтеміз. Ниет білдіргендерді талқылауға қосылуға шақырамын - деп жазды Бақыт Сұлтанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы