Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

25 Наурыз 2023, 10:52
1085
Бөлісу:
Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Фото: Зүлфия Сүлейменова\ facebook

Кеше Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҰҰ-ның 2023 Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған министр БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Келіссөз барысында Алматы қаласындағы Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін ОМД бойынша БҰҰ Өңірлік хабын құру Қазақстанның бастамасы да атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы