Суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады

21 Ақпан 2024, 10:52
650
Бөлісу:
Суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мәжілісте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заңға суицидке итермелегендерді жазалау нормасы енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова заң жобасын таныстырды.

Суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық кодексте жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілді. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау.

Бұдан бірнеше жыл бұрын "Синий кит" немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челендждер болып тұрды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады, - деді депутат

Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр.

Бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы