Сот Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары жасаған өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қорғаушы тарап төрағалық етуші судья Айжан Құлбаеваға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қарсылық білдіруді сол соттың судьясы С.Тасымбетов алқабилер мен судья Құлбаеваның қатысуынсыз қарады.
Қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша соттың қаулысымен қорғаушы тарап берген судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырусыз қалдырылды. Істі қарау қайта жалғасты. Бұл қаулы шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайды, - деді мәлімдеді Жоғарғы сот.
Бұған дейін сот процесінде Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасаған болатын.