Судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескерілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғары сот кеңесіне сілтеме жасап.
Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа және 2024 жылғы 26 ақпандағы аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын лауазымдарға іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесі 202 судьялық бос жұмыс орындарына конкурс және аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын лауазымдарға іріктеу өткізуде (41 бос жұмыс орны).
Пікірді Кеңестің сайтында «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін қалдыруға болады (өту).
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді.
Бұдан басқа, кандидаттар адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандары кіретін конкурстық комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.