Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Судьяларға арналған сынақ мерзімі қысқарды

1 Шілде 2025, 12:51
700
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру мерзімі 1,5 жылдан 3 айға дейін қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жоғарғы Сот Кеңесі мүшесі Салтанат Жүніспекова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, Жоғарғы Сот Кеңесі кассациялық соттарға кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстарды ғана емес, сондай-ақ судьяларды іріктеу және олардың мансаптық өсуін жетілдіруге бағытталған ішкі процестерді де жаңғыртып, оңтайландырған. 

Сондай-ақ судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру жиілігі жылына 4 реттен 12 дейін артты. Ал психологиялық тестілеу өткізу жиілігі жылына 3 реттен 10 ретке дейін ұлғайтылды, ал біліктілік емтиханын тапсыру мерзімі 1,5 жылдан 3 айға дейін қысқарды.

Сонымен қатар алғаш рет судья лауазымына орналасатын үміткерлерге қойылатын талаптар да күшейтілді. Құқық қорғау және арнайы органдардың деректер базалары арқылы қосымша тексерулер енгізілді. Бұл үміткерлердің қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру, есірткі чаттар, радикалды ағымдар, заңсыз құмар ойындар, цифрлық активтер айналымы және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге қатыстылығын анықтауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Кеңес мүшесі.

Биыл 6 ай ішінде Біліктілік комиссиясының 18 отырысы өткізіліп, біліктілік емтиханының барлық кезеңдерінен 125 кандидат сәтті өтті. 2024 жылы бұл көрсеткіш – 73 болған.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда кассациялық соттар құрылды.

Өзгелердің жаңалығы