Суданда ауруханаға жасалған шабуылдан 60-тан астам адам қаза тапты

Қаза болғандардың арасында 13 бала бар.

 freepik.com Бүгiн 2026, 14:25
Бүгiн 2026, 14:25
138
Фото: freepik.com

Суданның оңтүстігіндегі Шығыс Дарфур провинциясының астанасы Әл-Дейин қаласында ауруханаға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 64 адам, оның ішінде 13 бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан тағы 89 адам жарақат алған.

Осы қайғылы жағдайдан кейін Судандағы соғыс кезінде медициналық мекемелерге жасалған шабуылдардан қаза тапқандардың жалпы саны 2 мыңнан асты. Үш жылға жуық уақытқа созылған қақтығыс барысында ДДҰ медициналық нысандарға жасалған 213 шабуылды растады, соның салдарынан 2 036 адам қаза тапты. Бұл көрсеткіштің ішінде Әл-Дейиндегі шабуыл да бар, – деп жазды ұйым басшысы.

Ол сонымен қатар Судандағы соғыс жылдарында медициналық мекемелерге жасалған шабуылдардан жалпы саны 720-дан астам адамның зардап шеккенін атап өтті.

Наверх