Судан тапшылық көрмейтіндей жағдай жасалу керек – сенатор

18 Шілде 2020, 06:19
1718
Бөлісу:
Судан тапшылық көрмейтіндей жағдай жасалу керек – сенатор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының диқандары судан тапшылық көруі мүмкін екендігі туралы әлеуметтік желіде жазған болатын. Сондай-ақ, бұл мәселе жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке арнайы жазба қалдырған. 

Бүгін сенатор жолданған хатқа байланысты Су ресурстары комитетінің төрағасымен сөйлескенін айтты.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаровпен Қызылорда облысындағы су тапшылығына қатысты жазған хатыма байланысты сөйлестім. Алдамжаровтың айтуынша, жалпы жағдай күрделі, Шардара су қоймасына жоғарыдан келіп жатқан су көлемі секундына 64 куб болса, онан төмен шығып жатқан су көлемі секундына 500 куб. Комитет төрағасы осы 500 кубты 1 тамызға дейін ғана ұстап тұра аламыз, онан кейін 350-400 кубқа дейін төмен түсіруге мәжбүр боламыз дейді. Осылай болғанның өзінде облыстағы негізгі күріш шаруашылықтары 10 тамызға дейін сумен қамтамассыз етілуге мүмкіндігі бар. Биыл Шардара 500 млн, Көксарай 1 млн куб суға кем толтырылды. Алдағы уақытта Трансшекаралық өзенге байланысты қырғыз, өзбек ағайындармен келісімге келіп, суармалы жерлерге қатысты судан тапшылық көрмейтіндей жағдай жасалу керек деп ойлаймын, – деп жазды сенатор. 

Өзгелердің жаңалығы