Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Қазір ұсынысты агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі жұмыс тобы қарап жатыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына наурыз айында беріледі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай бірқатар жүйелі іс-шаралар қабылдайтын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар дайындалды. Олар, ең алдымен, қолдау тетіктерін оңайлатуға, бағыттарын оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу туралы қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі, - деді министр.