Субсидияға бөлінген 100 млн-дай қаржыны қолды қылған

12 Қыркүйек 2022, 16:35
1514
Бөлісу:
Субсидияға бөлінген 100 млн-дай қаржыны қолды қылған

Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. 

Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңге.

ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы