Суармалы суға төленетін субсидия 85%-ға дейін артты

Бүгiн, 08:35
100
Бөлісу:
Суармалы суға төленетін субсидия 85%-ға дейін артты
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді. Су үнемдейтін жүйелерге көшкен шаруалар үшін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.

Бұл шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге ынталандыруға бағытталған шара. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне көшу шамамен 20-30% су үнемдеуге және 2030 жылға қарай еліміздегі егіс алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.

Сондай-ақ биыл шаруалар үшін ұңғымаларды бұрғылау және су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.

Облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Егіс алқаптарында заманауи жүйелерді енгізу бойынша 2030 жылға дейінгі мастер-жоспар дайындалды және бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы