Су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаржылай көмек көрсетіледі

22 Сәуір 2024, 16:16
894
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаржылай көмек көрсетіледі
Фото: архив

Қазақстандағы су тасқынының ауыр жағдайына байланысты су тасқыны салдарын жою және Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсету үшін Polymetal («Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «Варваринское» АҚ)компаниясының кәсіпорындары 250 000 000 теңге бөледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы қиын - қыстау кезеңдерде, жойқын су тасқыны апатының ауқымы әрбір қазақстандыққа әсер еткен кезде - өңірлердегі бірге туғандары, жақындары, туыстары зардап шеккен кезде, біз бәріне терең жанашырлық танытып, өз қолдауымызды білдіргіміз келеді. Көптеген жылдар бойы біздің компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға өз үлесін қосып келеді және Қазақстан экономикасына сенімді серіктес, инвестор болды. Күтпеген апат қарапайым қазақстандықтар үшін көптеген сынақтарды туындатты, ақшалай қаражат бөлумен қатар, біз бүлінген аумақтарды қалпына келтіру және зардап шеккендерге барынша қажетті көмек көрсету үшін жергілікті билік органдарымен күш-жігерді үйлестіре отырып, қолдауымызды жалғастыруға міндеттенеміз, - деп атап өтті, «Полиметалл Евразия» ЖШС бас директоры Қанат Досмұқаметов.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаржылай көмек көрсетіледі
Polymetal

Polymetal активтерін Қостанай облысындағы («Варваринское» АҚ, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС) және Абай облысындағы («Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС) тау-кен өндіру кәсіпорындары құрайды.

Кәсіпорындар жыл сайын өздеріне қатысты аймақтарда әлеуметтік саланы дамытуға және қолдауға айтарлықтай қаражат бөліп келеді. Өткен жылы ғана компанияның әлеуметтік инвестициялары 7,3 млн долларды құрады.

Өзгелердің жаңалығы