Шет ауданына су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауға бастамашы болды.
Қарағанды облысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері Шет ауданында зардап шеккен ауыл тұрғындарына не қажет екенін білді.
30 тонна гуманитарлық жүк жөнелтілді: цемент және азық-түлік.
Халықаралық Отбасы күнінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекпен керуендер басталды. Жерлестерінің қайғы-қасіретіне ешкім бей-жай қарамады. Шет ауданында зардап шеккендер үшін біз 30 тонна көмек жинадық. Красная Полянадағы үйлерді жөндеу үшін цемент сұралды, сондықтан бұл жүктің негізгі бөлігі – 20 тонна. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдері – макарон, қант және т. б. жөнелтеміз, – деді Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Қожахметова.
Көмек жинауға кәсіпкерлер, Қызыл Жарты Ай қоғамының облыстық филиалы көмектесті.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, сатудан жиналған қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде берді.
Елде осындай оқиғалар болған кезде біз қол қусырып отыра алмадық. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қайырымдылық жәрмеңкесі мен фильм көрсетілімін өткіздік. Өз қолдарымызбен жасалған заттарды саттық. 300 мың теңге жиналды. Бізде жыл сайын қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді. Атап айтқанда, емдеуді қажет ететін балаларға қайырымдылық жасалды. Бір-бірлеріңзге көмектесуді ұмытпаңыздар. Біз бірге күшпіміз! – дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Назым Отыншиева.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері Шет ауданында кездесулер өткізеді.