Су тасқынынан зардап шеккен 24 мың нысанда дезинфекция жүргізілді

5 Тамыз 2024, 19:49
362
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккен 24 мың нысанда дезинфекция жүргізілді
Фото: pixabay.com

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде эпидемияға қарсы іс-шаралар аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес 2024 жылдың 1 тамызына су тасқынынан зардап шеккен барлық 11 өңірде жағдай тұрақты, су басқан елді мекендер жоқ.

Су басқан тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, зираттар, мал қорымдары, сібір жарасы бар жерлеу орындары, полигондар, септиктер мен аула қондырғылары жоқ.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, вакциналар мен иммунобиологиялық препараттар қоймаларын су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде барлық өңірлерде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің объектілерін бақылау күшейтіштілді. Су тасқыны басталғаннан бері су басу аймақтарында орталықтандырылған көздерден – 18 774 сынама алынды, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін – 936 сынама (санитариялық-химиялық – 728, микробиологиялық – 208). Орталықтандырылмаған су көздерінен 2187 сынама алынды, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін – 162 сынама (санитариялық-химиялық – 86, микробиологиялық – 76), - делінген хабарламада.

Су тасқыны басталғаннан бері эвакопункттерде 1546 тамақ өнімінің сынамасы алынды, оның ішінде 78-і гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.

Сәйкес келмеген сынамалардың нәтижелері бойынша нормаларға сәйкес нәтижелерді алғанға дейін іріктелген су сынамаларына қайта зерттеулер жүргізді. Ауыз судың әрбір сәйкес келмейтін сынамасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің атына санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы жіберіліп, бақылауда болды.

Су тасқынынан зардап шеккен 24 542 объектіде дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Су тасқыны басталғаннан бері эвакуацияланғандар арасында жұқпалы аурулардың дүмпуі тіркелген жоқ. Су тасқыны шиеленіскен өңірлерге су тасқыны кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде (объектілерде) аса қауіпті және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ғылыми ұйымдардың мамандары жіберілді.

Халық арасында инфекциялық аурулардың алдын алу, жеке және қоғамдық гигиеналық шараларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты деңгейде жүргізілді.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде эпидемияға қарсы іс-шаралар аяқталды, эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы