"Су тасқынына ақша жинап, өз пайдасына жаратқан". Перизат Қайрат туралы тың деректер айтылды

19 Ақпан 2025, 11:13
1561
Бөлісу:
"Су тасқынына ақша жинап, өз пайдасына жаратқан". Перизат Қайрат туралы тың деректер айтылды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде үш эпизод бар. Біріншісі, Палестинаға ақша жинаған, кейін су тасқынына жинаған ақшасы бар. Үшіншіден, реабилитациялық орталықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы 22 млн теңге жинаған, оны өз пайдасына жаратқан. Жақында ол қылмыстық істі аяқтауды көздеп отырмыз. Кейін сотқа жібереміз, - дейді Жеңіс Елемесов.

Елемесов істің наурыз айының соңында аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Істің материалдарымен танысу қанша уақытқа созылатынын айта алмаймын, өйткені бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Онда 100-ден астам том бар, заттай дәлелдерді есептемегенде, - дейді Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Бүгінгі таңда Перизат Қайратқа "алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды. Онымен қоса, 218-бап бойынша іс қозғалған. Іс бойынша Перизат Қайрат пен оның анасы күдікті деп танылды. ҚМА төрағасының орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта басқа да күдіктілер анықталған жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін қайырымдылық қорының құрылтайшысы күдікке ілінгенін, Перизат Қайрат деген кім екені туралы, оның тағы бір заңсыз әрекеті анықталғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы