Су тасқыны. Жайық өзені тағы көтеріле ме? – әкім жауап берді

23 Сәуір 2024, 10:19
255
Бөлісу:
Су тасқыны. Жайық өзені тағы көтеріле ме? – әкім жауап берді
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облысымызда күрделі су тасқыны жағдайы сақталуда. Ресей Федерациясынан Жайық өзені арқылы су келу жалғасуда. Су қауіпті межеден асып, түнде сағат 00:00-де 865 см-ге жетті. Бүгін таңертең 8:00-де 1 см-ге төмен түсті. Соңғы мәліметке сәйкес, Январцев ауылы тұсындағы гидробекетте Жайық өзені деңгейі тәулік ішінде 6 см төмендегені байқалып, 894 см-ге жетіп отыр. Қауіпті деңгейі - 12 метр 50 см. Жайық өзенінің артуына байланысты Шаған өзеніне кері ағу жүруде. Шаған өзені 32 млн текше метрге толды, - деді Нариман Төреғалиев.

Әкім Орал қаласынан тыс аумақта су басып жатқанын айтты. Сондай-ақ өңірлерде адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы жалғасуда. Өңірде 142 шақырым бөгет тұрғызылды, нығайтылды. Тұрғындар мен төрт түлікті эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Малдарды қауіпсіз орынға айдауға арналған орындар белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы