Тұрғын үй мәселелерін жедел шешудің нақты тетіктері әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зардап шеккен жұрттың баспана мәселесін шешу үшін су басқан үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Техникалық байқау қорытындысы негізінде жөндеу жұмыстарына әкімдік мердігерлері тартылады немесе үй иелері өтемақы есебінен өз үйлерін өз бетінше жөндеуге де мүмкіндік алады.
Ал егер үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, мемлекет бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынады: жаңа тұрғын үй салу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында дайын тұрғын үйді сатып алу.
Сонымен қатар азаматтардың баспананы өз бетінше таңдауға мүмкіндігі болады, бұл жерде бекітілген стандартты жобадан аспайтын шығындардың лимиті бар. Бұл турады ӨҚМ ресми өкілі Меруерт Ибраева ОКҚ алаңында хабарлады.
Су тасқыны орын алған аймақтардағы саяжай тұрғындары да, бұл олардың жалғыз үйі болса, назардан тыс қалмайды. Мүлік иелігін растайтын құжаттары сақталмаған жағдайда да мемлекет оларды баспанамен қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құжаттары болмаған жағдайда меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды. Жаңа тұрғын үй салу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үш климаттық шағын аудан бойынша мынадай параметрлермен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі. 1. Ауданы 80 ш. метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай. 2. Ауданы 160 ш. метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай, - деді спикер.