Су тасқыны. Ырғыз ауданындағы эвакуациялық пунктте 63 адам бар

14 Маусым 2024, 11:28
387
Бөлісу:
Су тасқыны. Ырғыз ауданындағы эвакуациялық пунктте 63 адам бар
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Асылбек Есенбаев эвакуациялық орталықтағы нұралықтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ырғыз ауданына жұмыс сапары аясында эвакуациялық орталықтағы нұралықтармен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге облыстық мәслихатының төрағасы Г.Сүйінтаева, мәслихат депуттары К.Бекенов және К.Төлеуова қатысты.

Кездесуде баспана құрылысына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар сөз болды.

Тұрғындар тарапынан депутаттарға тұрғын үй салу, кәсіпкерлік нысандарды қайта қалпына келтіру, қысқы мал азығы бойынша көмек туралы сұрақтарын жеткізді. Сұрақтарға облыс әкімінің орынбасары мен депутаттар егжей-тегжейлі жауап берілді.

Айтып өтейік, қазіргі таңда орталықта 63 адам бар.

Нұралықтар үшін салынатын үйлерге Сарыоба деген жер таңдалды. 11 құрылыс компаниясы кірісті. Баспаналардың іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы