Су тасқыны. Ұшақ жолаушыларына билет құны айыппұлсыз толық қайтарылады

10 Сәуір 2024, 12:02
216
Бөлісу:
Су тасқыны. Ұшақ жолаушыларына билет құны айыппұлсыз толық қайтарылады
Фото: pixabay.com

«QAZAQ AIR» су тасқыны жағдайына байланысты әуе билеттерін толық қайтаруға немесе қайта рәсімдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«QAZAQ AIR» әуекомпаниясы еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе, Атырау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларынан/қалаларына билет сатып алған жолаушыларға билет құнын толық қайтаруға немесе қайта рәсімдеуге рұқсат береді.

«QAZAQ AIR Қазақстандағы су тасқыны салдарынан орын алған ауыр жағдайға байланысты 1 сәуірден 21 сәуірге дейін рейстерге сатып алынған әуе билеттерін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша рейстерге айыппұлсыз қайта рәсімдеу және билет құнын толық қайтару мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, билеттерді 31 мамырға дейін қайта рәсімдеуге болады, - деп атап өтті әуетасымалдаушының баспасөз қызметі.

Жолаушылар билет құнын толық қайтаруды рәсімдей алады немесе маршрутты сақтай отырып, 31 мамырға дейінгі кез келген күнге ауыстыра алады.

Ол үшін билетті сатып алған агенттікке немесе әуекомпания кассасына хабарласу қажет.

QAZAQ AIR су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жанашырлық танытып, ел үшін осы қиын кезеңде қолдан келгенше көмек пен қолдау көрсетуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы