Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды

4 Сәуір 2023, 16:03
1244
Бөлісу:
Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды
Фото: автордан

Өңірде су тасқынымен күрес жалғасуда. Қауіпті аймақтар күндіз-түні бақылауда, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларға 38 млн теңге бөлінді.

Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Максим Шатковскийдің айтуынша, Көкшетауда Қопа көлінде, Қылшақты өзенінде, № 8 орта мектеп ауданында және Желтоқсан көшесіндегі Красный яр ауылында 4 гидробекет орнатылды. Онда ТЖД мен әкімдіктің, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері тұрақты негізде кезекшілік етеді, арнайы техника бар.«Сай-саладағы еріген қар суы қалаға кірді. Жергілікті атқарушы органдар жүргізген қар шығару, су өткізу арналарын тазарту секілді алдын алу шараларына қарамастан жағдай басқаша болды. Көп ретте тұрғындардың өздері ландшафты бүлдіреді. Су өтетін жол үстіне құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Тау бөктеріндегі судың жолын адамдар бөгеп тастаған. Жұмыс қазір штаттық режимде жүргізілуде. Апат айтып келмейді, бәріне дайын болу керек, күтпеген жерде проблемалар туындауы әбден мүмкін, – дейді басқарма бастығы.

Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды

Оның айтуынша, қыраттардан келген су мұзды, қамысты бұзып-жарып Қылшақты өзенімен өткен.

Мамандар мұзды жарып, оны көлге бағыттау үшін суға түсіп, қамысты шабуға көмектесті, бұған экскаватор тартылды. Атқарылған жұмыстарды ескере отырып, қауіп сейілді деп айтуға болады, – деді ТЖ бастығы.

Мобильді топтар әлі де жұмыс істейді, олар проблемалы аймақтарды аралап, жағдайды бақылайды. Алдын алу шаралары мақсатында ТЖД қызметкерлері коммуналдық қызметтермен бірлесіп жеке сектордағы кірме жолдарға құбырларды да тексереді. Егер диаметрі кішкентай болса, онда бұл өтпелер ашылып, үлкен диаметрлі құбырлар салынады.

Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды

Қылшақты өзеніне келетін болсақ, ТЖБ басшысының айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.

Су қоймасында су деңгейі сәл көтеріле бастады. Бастапқыда су арнасы мұз кесектерімен бітеле бастады. Бұл судың Қопа көліне қарай қозғалысын тежеді. Өткізу сақиналары бітеліп қалмас үшін мұзды алып тастайтын экскаватор орнатылды, ТЖД құтқару жасағының қызметкерлері суық суға түсіп, мұзды кесіп, қамыстан тазартты. Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты. Су деңгейі көтерілген жағдайда арнайы техника кезекшілік етеді, - деп атап өтті Максим Шатковский.

ТКШ бөлімінің басшысы Әділет Рахымжанов су тасқынына байланысты қала тұрғындарынан шағымдар түскенін жеткізді.

Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды

Адамдар суағарлардың бітеліп қалғанына шағымданады. Түнде температураның күрт төмендеуіне байланысты су қатып қалғандықтан, ыстық сумен жібітуге тура келді. Облыс орталығында арық жүйесін қайта құру қажет, ол үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу керек, біз оған өтінім бердік, - деп түсіндірді Әділет Рақымжанов.

Красный яр ауылының көшелерін жыл сайын көктем мезгілінде су басады. Ауылдық округтің әкімі өткен жылға қарағанда биыл екі есеге жуық қар сыртқа шығарылғанын айтады.

5 тәулік бойы барлық қызмет жедел тәртіпте жұмыс істеп, қауіп сейілді. 13 мың текше метрден астам қар шығарылды, арықтар, су бұру құбырлары тазартылды. Алайда, қар күрт еріген кезде шұғыл түрде қосымша шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. «Көкшетау Су Арнасы» және «Көкше Тазалық» қызметтерімен арнайы техника ұсынылды. Оның арқасында 1500 текше метр еріген су сорылды. Біз айналма арнаны тазаладық, қапшықтар төседік. Қазір ешқандай қауіп жоқ, - дейді округ әкімі Ардақ Тасқынбай.

Су тасқыны. Тұрғындар қарапайым талаптарды сақтамайды

Көкшетау ТЖ басқармасының бастығы өз аулаларын қардан тазаламайтындарды сынға алды.

Біздің мамандар рейдтік іс-шаралар өткізді, әлеуметтік желілерде хабардар етті және тұрғындарды көктемге дайындық туралы ескерту мақсатында пәтерлерді аралап шықты. Қарды көше шығарса жеткілікті ғой, коммуналдық қызметтер өздері қала сыртына шығарады. Мысалы, Пушкин мен Буденный көшелеріндегі жеке сектордағы айналма арық қоқыспен толтырылған. Бұған дейін ол аумақ тазартылған, бірақ қыс бойықайта қоқыс жиналды. Мұндай жағдайларда біз мотор сорғымен суды сорып алуымыз керек. Су тасқынының алдын алу мақсатында проблемалық учаскелерді назарда ұстаймыз. Соған қарамастан тұрғындар жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігіне, ТЖД, коммуналдық қызметтер жұмысының тиімсіздігіне шағымдана бастайды. Бірақ өздері қарапайым талаптарды сақтамайды, - деп атап өтті Максим Шатковский.

Өзгелердің жаңалығы