Су тасқыны: Қостанай облысында 269 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі

14 Сәуір 2024, 11:29
344
Бөлісу:
Су тасқыны: Қостанай облысында 269 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қостанай облысында залалды бағалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдің екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасап жатыр. 

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Бүгінгі күні 609 үй тексерілді, қалпына келтірілмейтін үйлер саны 269, олардың иелеріне үй беріледі. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан мал өлімі осы күнге 976 басты құрады. 214 бас бойынша төлем өтті, - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.

Өзгелердің жаңалығы