Су тасқыны: Қанат Шарлапаев БҚО-дағы құрылыс нысандарына барды

2 Маусым 2024, 17:34
438
Бөлісу:
Су тасқыны: Қанат Шарлапаев БҚО-дағы құрылыс нысандарына барды
Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

​Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

​Ағымдағы мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы телімдерде.

​Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і – жаңа телімдерде, 63-і – бұрынғы телімдерде.

​Теректі ауданында 45 үй зардап шеккен, 23-і –жарамсыз, 21-і – жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.

​Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы