Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

8 Наурыз 2024, 17:35
558
Бөлісу:
Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

22 қаңтардан бастап су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ алдын алу және жою жөніндегі өңірлік комиссиялардың 245 отырысы өткізілді. Елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін шамамен 65 км уақытша бөгеттер мен 50 км-ден астам біліктер тұрғызылды, 670 км каналдар мен 2 мың км-ден астам арықтар және автомобиль және темір жол астындағы 9 мың су өткізу құрылыстары тазартылды.

Су тасқыны мүмкін болған жағдайда эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 3 022 пункт және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар жаңартылды, көлік анықталды.

Өзгелердің жаңалығы