Су тасқыны: Индер ауданында бөгет бекіту жұмысы жалғасып жатыр

Бөлісу:
Су тасқыны: Индер ауданында бөгет бекіту жұмысы жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ өкілі Шәріп Асқар мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ШҚО-ның Алтай және Қатон-Қарағай аудандарында жаңбырдың көп мөлшерде түсуіне байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілген режимде атқарылып жатыр. Исатай мен Махамбет аудандарында жалпы ұзындығы 143 км қорғау бекеттерін салу жұмыстары толығымен аяқталды. Атырау қаласында, Индер және Құрманғазы аудандарында бөгеттерді бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Жайық өзені бойында аэровизуалды барлау және су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді. Құлсары қаласында су басқан аумақтарда еріген қар суының бағытын бұру және су сору жұмыстары жалғасуда, - деді Шәріп Асқар. 

Оның айтуынша, Қобда ауданындағы жалпы ауданы 36,2 га су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін БҚО, Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облыстарынан көмекке барған ТЖМ күштері мен құралдарының бір бөлігі орналасу орындарына қайтарылып жатыр. ҚМ әскери бөлімінің күштері, ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы жалпы ауданы 36,2 га су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді ТЖМ өкілі.

Жалпы республика бойынша 43 658 адам өз үйлеріне оралды. 6 032 адам эвакуациялау пункттерінде. 7763 тұрғын үй және 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Өзгелердің жаңалығы