Су тасқыны: Ертіс өңірі көрші облыстарға 150 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

17 Сәуір 2024, 13:50
430
Бөлісу:
Су тасқыны: Ертіс өңірі көрші облыстарға 150 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті
Фото: gov.kz

Ертіс өңірінің жұртшылығы су басқан көрші аймақтарға гуманитарлық көмектің кезекті легін жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Осы жолғы жүк көлемі 60 тоннаны құрап отыр. Жылу артылған жүк көліктерінің бірі Екібастұз қаласынан шығады. Екеуі облыс орталығынан барады. Гуманитарлық көмек жинауға партия өкілдерімен қатар, Ауған соғысының ардагерлері, еріктілер, спортшылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен студенттер қауымдастығы бар. Сонымен қатар, отандастарымыздың жағдайына бейжай қарамаған қарапайым азаматтар бар. Бұл жолғы көліктер колоннасы Солтүстік облысына аттанды.

Мәселен, бірнеше жүргізуші жүк көліктерін тегін ұсынған. Ал бұл жаңалықты естіген жанар-жағармай құю станцияларының басшылары жүргізушілерді тегін бензинмен қамтыған.

Елімізде су апаттары болып жатыр. Баршамызды алаңдатып отыр. Соған байланысты көмегімізді ұсынуды жөн көрдік. Қазір мың шақырымдық жолға шығамыз. Кеше көліктерімізге гуманитарлық көмек тиедік. Көбінесе ауызсу, жылы киімдер, тамақ өнімдерін, резеңке етік сияқты заттарды жинадық. Біз жүк тасымалдаумен айналысамыз. Әріптестерімізбен бірге қосылып, осылайша, теңізге тамған тамшыдай болсын көмек көрсетуді шештік. Он шақты жүргізуші ақшалай болсын, заттай болсын қосылды. Бірі газель жалдап берсе, бірі көлікті тізгіндеуге атсалысты, - дейді жүк тасымалымен айналысатын ұйым өкілі Нұрболат Жайлаубаев.

Айта кетейік, көктемгі су тасқыны басталғалы Павлодар облысынан 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жүргізушілерге көмек көрсетуге еріктілер де жолға шықпақ. Су тасқыны кезеңінде көмек жинау шараларына 300-ден астам волонтёр жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы