Су тасқыны: елімізде "Жүректен жүрекке" акциясы өтіп жатыр

12 Сәуір 2024, 10:41
432
Бөлісу:
Су тасқыны: елімізде "Жүректен жүрекке" акциясы өтіп жатыр
Фото: ОКҚ

Астанада "Жүректен жүрекке" акциясы өтіп жатыр. Шара еліміздің барлық өңірінде де ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі кезде 7 көлік СҚО-ға аттанады. Олара су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық жүк жеткізеді. Онда азық-түлік те, қажетті заттар да бар. Гуманитарлық көмек жинау Достық үйлерінің бәрінде жүргізіліп жатыр. ҚХА барлығы 600 тонна гуманитарлық көмек жинады, кәсіпкерлердің, меценаттардың қайырымдылық көмегін ескерсек, ақшалай баламада бұл шамамен 430 млн теңге. Бұдан басқа, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арнайы техника бөлінеді. Өңірлерде ҚХА меценаттары 35-ке жуық арнайы техника берді. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы Қазақстан бойынша ҚХА-ның 11 мыңға жуық еріктісі жергілікті жерлерде еңбек етіп жатыр. Қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып отыр. Бірліктің арқасында біз осы сын-қатерді еңсереміз, - деді "Жастар Ассамблеясы" РҚБ төрағасы Тимур Джурумбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұған дейін Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқынынан 100 мыңға жуық адам құтқарылғанын айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы