Су тасқыны. БҚО үлкен суға дайындық үстінде

15 Сәуір 2024, 18:20
253
Бөлісу:
Су тасқыны. БҚО үлкен суға дайындық үстінде
VIDEO
Фото: Үкімет

Батыс Қазақстан облысында ауқымды су тасқынының алдын алу шаралары қабылдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер тобы 6,3 мың адамнан асты. 

Үкіметтің тапсырмасы бойынша елді мекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан келетін шығынды азайту үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды. 

Су тасқыны. БҚО үлкен суға дайындық үстінде

Облыста ТЖМ-ның 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 

1,5 мың арнайы техника жұмылдырылды, оның 790-ы БҚО-ға еліміздің басқа өңірлерінен келген. 

Негізгі міндет – елді мекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. 

Су тасқыны. БҚО үлкен суға дайындық үстінде

Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді. 

Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды, өңірде «Жедел желі» жұмыс істейді – оған 512 қоңырау келіп түсті.

Өзгелердің жаңалығы