Су тасқыны болған өңірлерде әскерилер көмек көрсетіп жатыр

8 Сәуір 2024, 12:31
234
Бөлісу:
Су тасқыны болған өңірлерде әскерилер көмек көрсетіп жатыр

ОКҚ-да Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Қарулы Күштер су тасқынына қалай көмектесіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол атап өткендей, Қарулы күштердің күштері мен құралдары апаттық аймақтарда құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

7 сәуірдегі мәліметтер бойынша Қарулы күштерден жалпы саны 814 әскери қызметші бөлінді. Сонымен қатар 44 әскери техника, 3 тікұшақ, 2 көліктік авиация құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Авиациямен жалпы саны 262 адам және 4 200 келі жүк тасымалданды, - деп айтты Жангулин брифингте.

Су тасқыны болған өңірлерде әскерилер көмек көрсетіп жатыр

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақтар 19 рет, ал ұшақтар 2 рет рейс жасаған.

Жеке құрам 44 мың құп салынған қапшықтар дайындалды. Ми-8 тікұшақтарымен 178 азаматтық адам, оның ішінде 98 бала тасымалданды. Си-295 ұшағымен Алматыдан Қостанайға 40 адам тасымалданды.

Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затабольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, Тобыл өзенінің жағалауын (800 метр) нығайту жұмыстарын жүргізді. Аумақтық қорғаныс бригадасының іс қимылын үйлестіру үшін Қостанай өңіріне Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ұшып барды, - деп айтты Руслан Жангулин.

Су тасқыны болған өңірлерде әскерилер көмек көрсетіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысына аумақтық қорғаныс бригадасының 30 әскери қызметшісі Петропавл қаласының шетіндегі саяжайда 1 000 қап құм дайындап, Есіл өзенінің бөгетін күшейту жұмыстарын жүргізді.

8 сәуірде СҚО әкімінің өтініші бойынша Қорғаныс министрінің нұсқауымен Қарулы күштерден Астана қаласынан қосымша 300 әскери қызметші жіберілді.

Сонымен қатар Жангулин мынадай мәліметтер айтты:

Ақтөбе облысында Ойыл ауылында құрамында 15 адамы бар инженерлік бөлімшелер Ойыл өзені арқылы өтетін паром өткелінің көмегімен 238 тұрғынды эвакуациялап, 1,5 мың тоннаға жуық заттар мен азық-түлік тасымалдауды ұйымдастырды.

Одан өзге 50 әскери қызметші су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу үшін Садовая ауылына барды.

Атырау облысында жару тобы Жем өзенінің арнасын бұзып, кеңейту жұмыстарын жүргізді. Екі рет мұз жару жұмысы жүргізілді.

Құлсары қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 397 әскери қызметшісі ауысыммен 30 000 қап құм дайындады, Қарабау ауылындағы 50 әскери қызметші жағалаудың шетін нығайту үшін 3000 қап дайындады.

БҚО-да 26 адамнан тұратын аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен Орал қаласының Шаған ауданында 2 400 қап құм дайындап, Жайық өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді.

ҚР Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының тұрғындарына көмек көрсету үшін электротехникалық құралдар мен жеке құрам бөлінді. Олар - 11 дизельдік агрегат және 13 әскери қызметші, 5 электр станциясы (дизель генераторы) және оған қызмет көрсету үшін 20 адам. Барлығы электротехникалық құралдар саны 16 бірлік, жеке құрамсаны 33 адам.

Өзгелердің жаңалығы