Су тасқыны басталғалы 97 071 адам құтқарылды

10 Сәуір 2024, 16:13
294
Бөлісу:
Су тасқыны басталғалы 97 071 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 32735 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілсе, уақытша орналасу пунктеріне 7606 адам, оның ішінде 3728 бала орналасқан.

Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893 500 кг гуманитарлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, әуе кемелерімен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 635 кг  гуманитарлық көмек жеткізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарында 25 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 15 әуе кемелері жұмылдырылды,- деді ол.

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан су басу қаупі жоқ.

Ресей Федерациясы Орынбор облысының Орск қаласында орын алған жағдай мен Батыс Қазақстан облысының аумағындағы Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі бақылауда,-деді Ерасыл Сайпаш.

Өзгелердің жаңалығы