Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны кезінде 18 861 бала, артылған әуе-кемелерімен 2811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 мыңнан астам адам оның ішінде 2764 бала орнластырылған. Ал, 69900 жануар қаіпсіз жерге айдалды.
Зардап шеккен өңірлерде 126 мың гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 7 млн астам текше метр еріген қар су сорылды. 993 мың қапшық, 982 мың тонна инертті материал төселді. 1739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағына су бұрылды. Тәулік бойы авариялық құтқару жұмыстарына 16375 адам, 1681 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 3745 жеке тұрғын үй , 421 аула аумағы су астында қалуда. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда. Жедел желі телефонына 1100 қоңырау түсті. Республикалық жедел штабтар жұмыс істейді, - деді Ерасыл Сайпаш.
Оның айтуынша, барлық күш пен құралдар төтенше жағдайды алдын-алу мен жоюға жұмылдырылған.
Жағдай күрделенетін болса, шұғыл шаралар қабылданады, - деді спикер.
Төтенше жағдай министрлігі су тасқыны кезінде мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.