Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады, - делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін аттестацияның жаңа ережесі жайлы жазған едік.