Махамбетте Талдыкөл тұрғындарын эвакуациялауға 124 орындық 6 автокөлік, 30 қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Махамбет аудандық ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Талдыкөл ауылы тұрғындарын эвакуациялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орындық 2 газель автокөлігі, 30 қызметкер, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытында 3 полиция автокөлігі жұмылдырылды.
Бірінші кезекте эвакуацияланатын тұрғындар санатына жүкті әйелдер, балалар мен қарттар жатады. Ауыр науқастар Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы әзірлеген алгоритм бойынша эвакуациялануда.
Тұрғындар үшін Атырау қаласында - APEC жоғары колледжінде және "Dana" қонақ үйінде эвакуациялық пункттер дайындалды.
Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі, Талдыкөл ауылында жалпы 221 тұрғын үй, 1215 халық бар.