Су тасқыны. Әскери қызметкерлер Ақтөбе облысына көмекке аттанды

26 Наурыз 2024, 05:10
2097
Бөлісу:
Су тасқыны. Әскери қызметкерлер Ақтөбе облысына көмекке аттанды
Фото: видеодан кадр

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінен 50 әскери қызметкер мен 4 бірлік техника Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекеніне аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Мұқан шоқыларынан келген қалың қар мен судың көптігінен еріген су жайылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Су ағыны ауылдың арық жүйесіндегі өзен арналарының жағасынан шыққандықтан, елді мекеннің ішіндегі жол жамылғысын бойлай ағып өтті. Бір күн бұрын облыстық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар 50 метр сайын инертті материалдарды төсеген. Жағалауды нығайту құрылыстары салынды.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта еріген қар суы жол төсемінің бойымен ағып жатыр. Су басқан үйлер жоқ. Су 30 см-ге дейін төмендегені белгілі болды.

Сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде өңірге Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Осы сәтте облыстың 52 адамнан тұратын құтқару жасағы, 5 бірлік техника, 8 мотопомпа облысқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы