Су тасқыны. Арқалықта "ақылды үйлер" салынып жатыр

14 Маусым 2024, 12:36
336
Бөлісу:
Су тасқыны. Арқалықта "ақылды үйлер" салынып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге "ақылды үйлер" салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бақылайды.

Соңғы деректер бойынша Арқалық қаласында 94 тұрғын үй апатты деп танылған. Зардап шеккен азаматтарға 68 пәтер сатып алынды, 418 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Әрбір отбасына баспанасын қалпына келтірудің бірнеше нұсқасы ұсынылды: өз бетінше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ақшалай өтемақы, жаңа үй сатып алу немесе жөндеу жұмыстары. 

Сонымен қатар, Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылғандар азаматтарға 50 пәтерлі «ақылды» үй салынуда. Тұрғын үйді «BAZIS» компаниялар тобы өз қаражатына салып жатыр, - делінген министрлік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы