Су тасқыны: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 55 отбасы баспаналы болды

22 Шілде 2024, 03:25
911
Бөлісу:
Су тасқыны: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 55 отбасы баспаналы болды
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді.

Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр.

Құрылысқа «Айлин СтройПроект» ЖШС жауапты.

Сонымен қатар Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды.

Баспаналы болған 55 отбасы - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 971 млн. 712 мың теңгеге Болат Өтемұратов, «Қамқор Ақтөбе - 2024» және «Dar Charity» қоғамдық қорлары арқылы үйлер сатып алынып берілді.

Өзгелердің жаңалығы