Су тасқыны. Ақмолада карьер жұмысшылары құтқарылды

5 Сәуір 2024, 17:08
234
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақмолада карьер жұмысшылары құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысының ТЖМ қызметкерлері 7 карьер жұмысшысын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, олар судың ортасында қалып, өздігінен шыға алмаған.

Бүгін Целиноград ауданында Нұра өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты, Қызылжар ауылының маңындағы карьерді су басқан. ТЖД құтқарушыларының күшімен 7 жұмысшы құтқарылды, олар сумен қоршалып және өздігінен шыға алмаған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы