Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 11 сәуірдегі сағат 18:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8580 метр болатын су тасқыны орын алды, - делінген хабарламада.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 613 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 726 бірлік техника мен 1729 адам жұмылдырылған.