Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
2024 жылғы 15 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5280 метр болатын су тасқыны орын алды. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 421 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмылдырылған.