Су тасқыны. 34 мыңнан астам азамат біржолғы төлем алды

24 Қыркүйек 2024, 12:18
344
Бөлісу:
Су тасқыны. 34 мыңнан астам азамат біржолғы төлем алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Биыл су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер етті. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілді – баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды. 34 мыңнан астам адам 12,6 млрд теңгеге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа, шамамен 10 млрд теңге көлемінде 150 айлық есептік көрсеткіш есебінде 21 880 отбасына келтірілген материалдық залал өтелді, – деді Қанат Бозымбаев үкімет отырысында.

Бозымбаев шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу қағидаларының қолданылу мерзімі 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылатынын айтты.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жойылған дақылдары мен өлген а/ш жануарларының иелеріне шығынды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді. Жалғыз баспана болып есептелген 17,6 мыңға жуық үй мен саяжай құрылыстары су астында қалды. Тәуелсіз бағалау компаниялары мен комиссиялардың жүргізген зерттеуі негізінде 9156 үйді жөндеуге болатынын, ал 8447 үй апатты деп танылды, – деді вице-премьер.

Еске сала кетейік, осыған дейін өңілерде қанша үй салынғаны туралы айтылды. Төтенше жағдай министрі су тасқыны кезінде техника жетіспегенін айтты. 

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі су тасқынын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы